Демалушылардың саны артқан

0 80

Елордалықтар шетелге демалуға жиі барады. 2008 жылы жерлестеріміз шетелге 2,4 мың рет барса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 8,2 есеге артып, 19,6 мыңды құраған.

2012 жылдың мәліметтері бойынша туристердің басым бөлігі Түркия, БАӘ және Тайланд елдерін таңдаған.

Мұнымен қоса, елорда тұрғындары жергілікті курорттарды да ұнатады. Егер отандық демалыс орындарында 2008 жылы 25,6 мың адам демалса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 24,8 мың адамды құраған. Ал, 2013 жылғы шетелдік туристік сапарларға келсек, бірінші тоқсанда шетелдік курорттарға 10,2 мың астаналық барған, яғни, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңінен 2,8 есеге артық.

Астананың әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған соңғы жылдардағы өзгерістер туризм саласындағы ұсыныстарды қазіргі болып жатқан сұранысқа барынша сәйкестендіріп, көбейтуге мүмкіндік береді. Замануи келбеті, инфрақұрылымы бар, еліміздің жас астанасы ретінде қаламызға деген жаппай қызығушылықтың көбеюі, туризм саласын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштермен расталады.

2012 жылы Қазақстан елордасын демалу мақсатымен 329 адам аралаған, ал, 2008 жылы елордаға келген резидент еместердің саны 213 адамды құраған. 2012 жылы Астанаға келген шетелдік азаматтардың жалпы санының 43,8%-ы ТМД елдерінен келген. Айта кетейік, оның басым бөлігі Ресейден (95,8%) және Украинадан (3,5%) келген. Резидент емес туристер саяхаттау кезінде әуе көліктерін таңдайды.

Еркежан Сәтімбек

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × three =