ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

0 134

Астана қалалық мәслихаттың кезекті тұрақты комиссия отырысы өтіп, онда қаланың дамуына серпін беретін мәселелер талқыланды.

4

Алдымен елордалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқар­масының басшысы Әліби Жұмаев қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Астана қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде биылғы жылғы елорданың даму деңгейі еселенгенін айтып, салық түсімдері артқанын жеткізді. Сонымен бірге, қаралып отырған қосымша қаржылардың дені елорданың санитарлық саласы мен тазалық шараларына және мерекеге байланысты қаланы безендіруге бағытталып отырғанын баяндады. Сондай-ақ, әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайтындығын айтты.
Комиссия отырысында Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы және Астана әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл жөнінде ведомствоаралық комиссиясының құ­рамы мен елорда әкімдігінің жанындағы мал шаруашылығы саласындағы мәсе­лелер жөніндегі комиссияның құрамы жайында әңгіме өрбіді.
Жиында тағы бір маңызды мәселе сөз болды. Ол – кеше ғана Парламенттің қос палатасы қабылдаған ел үшін ерек, саяси мазмұны бөлек Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған декларацияның қабылдануы. Мәслихат депутаттары бұл маңызды құжатты бірауыздан қолдап, өз ойларымен бөлісті.
– ҚР Парламенті қабырғасында қабылданған Тәуелсіздік декларациясы биылғы тарихи жылда қабылданып отырған маңызды құжат деп бағалаймын. Тәуелсіздік – елдің үлкен бақыты. Біздің мемлекетіміз жас қайратты жігіттің жасына келген уақытында қаншама жетістіктерге жетіп, әлем таныған елге айналды. Экономикамыздың қуаты артып, әлеуметтік сала дамыды. Жаңа бағдарламалар қабылданды. Қазақстанды мекендеген ұлттардың барлығы бір мақсатқа бірігіп, еңбектің көрігін қыздырды. Астанамыз көз алдымызда әсем қалаға айналды. Қаншама оқу орындары ашылды. Жаңа мектептер бой көтерді. Білімді жастардың легі қалыптасты. Соның барлығы Елбасының салиқалы саясатының жемісі деп білемін. Сондықтан Тәуелсіздік декларациясын толық қолдаймын! – деді мәслихат депутаты Зәуре Жүсіпова.
Ал елордалық мәслихаттың жас депутаты Асхат Оралов егемендіктің 25 жылдық тарихында қабылданған Тәуелсіздік декларациясын жас­тар да қолдайтындығын жеткізді. «Елі­міздің осы уақыт аралығында жеткен жетістіктері мен жеңістері Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал сая­сатының арқасында жүзеге асты деп сеніммен айта аламыз. Сондықтан Мем­лекет басшысының ерік-жігері мен көрегенділігі ел дамуының табысты жолын айқындап, республикамыздың өсіп-өркендеуіне мүмкіндік берді» деді ол.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =