ДАУЫС БЕРУ ДОҒАРЫЛДЫ

0 111

Астана тандауы 2014

Кеше «Астана таңдауы-2014» бай­қауы­на қатысушыларға дауыс беру ресми түрде аяқталды.

Енді берілген дауыстардың саны есептеледі. Ал оның қорытындысы бойынша үздік деп танылған мамандардың, атап айтқанда, педагогтың, қоғамдық көлік жүргізушісінің, учаскелік полиция инспекторының, дәрігердің, энергетиктің, жол жөндеушінің және құрылысшының есімі жарияланады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.

Биылғы байқауға қатысуға өтінімдер сәуір айының басынан мамыр айының соңына дейін қабылданды. Жалпы байқауға 250 өтінім келіп түсті, соның ішінде 195 үміткер іріктеліп, дауыс беру кезеңіне өтті.

Байқау ережелеріне сәйкес, 20 күн бойы әр адам әлеуметтік саладағы үздік маманға өзінің дауысын беру мүмкіндігіне ие болды.

Байқауда ұсынылған санаттардың ішінде мұғалімдер саны көп болды – 65, екінші орында энергетиктер – 39 үміткер, үшінші орында дәрігерлер – 31 үміткер. Құрылысшылардан 25 адам, 14 жүргізуші, 13 учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ, 8 жол жөндеуші байқауға қатысуға ниет білдірді.

«Астана таңдауы» байқауында топ жарған жеңімпаздар Астана қаласы әкімінің кубогы және дипломымен марапатталып, халықтың танымына ие болады. Сондай-ақ, республикалық арналардан «Астана таңдауы-2014» байқауының жүлдегерлері туралы шағын фильм­дер көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =