Дауыс беру аяқталды

0 79

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа логотипіне дауыс беру аяқталды.

Қазақстандықтардың таңдауына жеті түрлі логотип ұсынылған. Дауыс беруге 10 мыңнан астам адам қатысты. Facebook, VK, Twitter әлеуметтік желілерінде пайда­ла­ну­шылар арнайы дауыс беру парақ­шаларын ашқан. Логотиптің жаңа нұсқалары ақпарат агенттіктері мен жаңалықтар порталдарында қызу талқыланды. Дауыс беру қо­ры­тындысы бойынша, екі логотип іріктелді. Олар 2013 жылы 26 шіл­деде мемлекеттік комиссияның оты­рысында қара­ла­ды. Үздік деп та­нылған «Жасыл энер­гия» логотипі 3088 дауыс жинады, ал екінші орындағы – «Жел энер­гиясы» логотипіне 2594 адам өз дауысын берген. Келешекте «Жа­сыл энергия» логотипі Астананы барша әлемге танымал етпек.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × one =