Дауыл салдары жойылды

0 185

ураган шатыр

Өткен сенбі күні ауа-райы долы мінез көрсетті. Еліміздің барлық аймақтарында дерлік күшті жел тұрып, көшеде жүрген халықты ұшырып әкетердей ұйтқып соқты. Астанадағы бірнеше ғимаратқа да айтарлықтай залалын келтірді. Елордадағы №7, 18, 64 жалпы білім беру мектептерінің шатырын және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бас корпусы төбесінің бір бөлігін жұлып кеткен. Кеше Сарыарқа ауданының әкімдігінде дауыл салдарын жоюға арналған жиналыс өтті. Онда зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жайы талқыланды.

Астана қаласы Білім басқар­ма­сының Тіршілікті қамсыз­дан­дыру және абаттандыру бөлі­­­мі­­нің басшысы Мәдина Сүлей­­ме­­но­ваның айтуынша, қазір­де зардап шеккен мектеп­тер­дің аумағы тазартылды. Оқу үдерісі қалыпты жүріп жатыр. Орта білім беру орын­да­ры­ның шатырын жөн­дей­тін мердігер мекеме де анықталды. №7 және 18 мектептердің шаты­рын «Астана водстрой» ЖШС қалпына кел­ті­ре­тін болады. Ал, №64 мектептің төбесін жөн­дей­тін мекемені Аста­на қа­ласының Құры­лыс бас­қар­масы анық­тайды.

С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротех­ни­ка­лық уни­­вер­­си­тетінің баспасөз қыз­ме­тінің хабарлауынша, жоғары оқу орнының шатыры да қал­пына келтірілген. Оны университет өз күшімен атқарған.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + twenty =