Дәстүрлі сайыс тартысты өтті

0 48

Көкшетау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры Сәбет Малғаждарұлы Жақыпбеков тағайындаған ауыспалы кубок үшін бильярдтан сала ардагерлері арасында өтетін кезекті сайыс өз мәресіне жетті.Генерал-майор Сәбет Жақыпбеков – Ұлттық қауіпсіздік комитеті үкіметтік байланыс қызметінің негізін қалаушы ардагер. КСРО МҚК және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің және басқа да көптеген марапаттардың иесі. Биылғы сайыс генералдың 85 жылдығына арналып ұйымдас­тырылды және оған еліміздің түкпір-түкпірінен 24 ардагер қатысты.ярд

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлде – ауыспалы кубокты генерал-майор Хайролла Нышанбаев қанжығасына байлады. Айта кету керек, Х.Нышанбаев осымен қатарынан екінші рет жеңімпаз болып отыр. Екінші орынды полковник Қанат Тойбазаров иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Қасымхан ЕСІМСЕЙІТОВ,
полковник

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =