©2020 Астана Ақшамы
Дәстүрлі емес діннің мүшелері анықталды
Астана аумағында қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері экстремизм мен лаңкестікке қарсы алдын алу мақсатында шұғыл іс-шараларын өткізді.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері елордада орналасқан заңсыз діни бірлестік пен дәстүрлі емес діни ағымның 44 мүшесін анықтады. Сонымен қатар, олардан 259 дана діни әдебиет пен дыбыс-бейнежазбаларын, 5 атыс және бір травматикалық қару тәркіледі. Сондай-ақ, департаменттің хабарлауынша, 130 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ербол ЖАНАТ