ДӘСТҮРЛІ ДІНДІ ЗИЯЛЫЛАР ДА ДӘРІПТЕСЕ

0 107

Өткен жұма күні Дiн iстерi агенттiгi мен «Ұлағат» мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен Ақмола облысының Бурабай ауылында «Халықтың дiни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысының тиiмдiлiгi» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өтті.

Басқосуда өзекті мәселелер ортаға салынды. Жиынды Дiн iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин ашып, сөз сөйледі. Конференцияның маңыздылығын алға тартқан Ғ.Нұрмағамбетұлы ел ішінде дәстүрлі діннің қанат жаюына зиялы қауым өкілдері де атсалысу қажеттігін айтты. «Дiни экстремизм – қоғамның проблемасы. Сондықтан ұлтқа қауіп төндіретін бұл кеселмен қоғам болып күресу керек. Осы бағытта үкiметтiк емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, БАҚ өкiлдерi бiрлесiп жұмыс iстегенде ғана ісіміздің нәтижесі ертерек көрінеді. «Саусақ бiрiкпей, ине iлiкпейдi». Осы тұрғыдан алғанда, әсiресе, зиялы қауымның рөлi ерекше.

Тарихтан белгiлi, тiлдiң, мәдениеттiң, дiл мен дiннiң, дамудың, құндылықтардың жақтаушысы болған зиялы қауымның қоғамдағы рөлi қай кезде де төмендеген емес. Өкiнішке қарай, бiздегі қалам ұстаған ғалымдар мен елге белгілі шығармашылық адамдары дiни ахуалдың өркендеуіне аз үлес қосып жүр. Бiз зиялы қауым ресурстарын әлi де толықтай қолдана алмай келеміз» дедi агенттік төрағасының орынбасары.

Конференция жұмысында агенттікке қарасты басқарма басшыларының және өңірлердегі құзырлы орган өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + six =