Дәстүр сабақтастығы

0 30

Кеше Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Дария Калимова-­Қастееваның «Уақыттың шынайы сабақтастығы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмеге Дарья Калимова-Қас­тееваның әкесі, атақты қазақстандық суретші Мұхит Калимовтың жұмыс­тары қойылады. Мұхит Калимов – ХХ ғасырдағы қазақстандық өнер классиктерінің көрнекті өкілі. Үздік академиялық білім суретшіге әр түрлі пейзаждық, портреттік және жанрлық туындылар жасай отырып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ол – портреттің сөзсіз шебері. Қазақтың атақты тұлғаларының портреттерін бейнелейтін тарихи тақырыптарға үлкен мән бере білген.
Дарья Калимова-Қастееваның портреттері ерлер, әйелдер және балалар – кейіпкерлерді зерделей отырып, белгілі бір үйлесімділік сарында диалог жүргізеді.
Сондай-ақ суретші 1996 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының портреттерін салғаны үшін Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Айта кетейік, Дария Калимова-Қастееваға қолданбалы суретші ретінде анасы Лиза Калимованың жұмысы үлкен әсер етті. Лиза Калимова – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =