ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ДИДАРЛАСТЫ

0 131

IMG_9931

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева елордадағы республикалық, халықаралық олим­пиадалардың және ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Кездесу барысында басқарма басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға білім беру мәселесіне үлкен мән беріп отырғанын, себебі, жақын болашақта біздің мемлекетіміздің экономикалық қуаты мен саяси мәртебесін нығайту жөніндегі маңызды міндеттерді жастардың шешетінін атап өтті.

Астанадағы мектеп оқушылары 2005 жылдан бері жалпы білім беретін пәндер бойынша респуб­ликалық ғылыми жобалар жарысында көш бастап келеді. Оқушылар 2010 жылы 31 жүлделі орын алса, 2011 жылы – 25, 2012 жылы – 54, 2013 жылы – 54 және 2014 жылы 59 орын алған.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында елордалық 269 оқушы Америка, Әзербайжан, Албания, Бразилия, Грузия, Индонезия, Нидерланд, Румыния, Түркияда өткен  олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына қатысып, 188 жүлдені жеңіп алған. Жүзден жүйрік шыққандары болашақ мамандығын еркін таңдап, арнайы грантқа қол жеткізе алады.

«188 медаль алу – бұл ең әуелі мұғалімдердің еңбегі, сіздердің еңбектеріңіз және ата-аналардың еңбегі. Қазір арамызда отырған ерекше балаларды мақтан етеміз. Біздің болашағымыз – сіздерсіздер» деді басқарма басшысы. Кейінгі оқу жылдарында Астана қаласы білім мекемелерінің 89553 оқушысының ішінде барлық деңгейдегі олимпиадалар, ғылыми, интеллектуалдық конкурстарға 27286 оқушы қатысты, бұл білім алушылардың жалпы са­нының 25 пайызын құрайды.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 10 =