Дарынды додада дараланды

0 104

Жаңа Оқушылар сарайында «Біз – бақытты баламыз» атты 1-қалалық жас режиссерлер мен бейнемонтажшылар байқауы өтті. 

Оған 11-17 жас аралығындағы қаладағы жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты – дарынды балаларды қолдау, олардың балауса қанаттарының қатайып, шығармашылықтарын дамытуына жағдай жасау.
Іс-шарада оқушылар «Үздік мазмұнды бейне», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік актерлік жұмыс», «Үздік монтаж жұмысы» аталымдары бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, бас жүлде №54 мектеп оқушысы Әмір Әменовке бұйырса, 1-орынды №64 мектеп оқушысы Бекентай Әжібеков иеленді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 3 =