©2020 Астана Ақшамы
Астаналық оқушылар қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы білім беру пәндерінен олимпиадада 27 жүлдеге қол жеткізіп, «2014 жылғы үздік команда» атанды. Бұл туралы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті.
Шымкент қаласында өткен олимпиадаға Астана қаласының білім мекемелерінен 37 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша елордалық өрендер жалпыкомандалық есепте І орын алды. 27 оқушы олимпиада жүлдегері атанды. Екеуі бірінші, сегізі екінші және он бірі үшінші орын алды. Сонымен қатар, 6 оқушыға грамоталар табысталды.