Дарындардың дара қолтаңбасы

0 14

Елордадағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде STEM-зертханасы мен робототехника кабинеті ашылды. Мұндай жағымды жаңалықпен қала басшысы Алтай Көлгінов өзі инстаграмдағы парақшасында бөлісті.Зертхана мен робототехника кабинеті әкімнің тапсыр­масымен ашылған. Оқушылар сабақта 3D-нысандар жасайды. Роботтарды ғылыми-техникалық білім алуда қолданады. Кабинеттерде станоктар, 3D-принтер орнатылған. Сонымен қатар, қалалық мектептердің кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған. Одан әрі елорда әкімі биыл ашылған №95 балабақшаның тыныс- тіршілігімен танысты. Алтай Көлгінов балаларға ата-аналары мен тәрбиешілерін тыңдап, жақсы білім алуларын тіледі. Әкімдік қаланың білім беру мекемелеріне барлық қажетті көмек көрсететінін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды