«Darts» – дарындылар театры

0 129

29 қыркүйек күні елорданың «Конгресс-холл» сарайында «Бізді көп нәрсе біріктіреді» атты қайырымдылық кеш өтті.Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға қуаныш сыйлау.
Яғни, жиналған қаражат саңыраулардың «Darts» ал­ғаш­қы кәсіби театрын ашуға жұмсалады. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жұлдызай» қайырымдылық қоры ұйымдастырған концертте аталмыш театр актерлері дене қимылдары арқылы музыка мен хореографиядан қойылым көрсетті. Айта кету керек, жас актерлер труппасында әзірге сегіз адам бар. Олардың бәрі шеттерінен өнерлі.
– «Darts»-тың дарынды жас актерлері театрдың алғашқы қойылымынан үзінді көрсетті. Олар ән айтып, өздерін қолдауға келген қазақстандық эстрада жұлдыздарымен би биледі.
Мен талантты жастардың болашағына сенемін. Олар Қазақ­станның мәдени қауымдастығында ғана емес, бүкіл әлемді таң-тамаша етеді, – дейді театрдың негізін қалаған, режиссер-қоюшы Бақытжан Тәжинов.
Қайырымдылық кеште Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Еркін Мәулен және тағы басқа әртістер әннен тарту жасады. Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған «Жұлдызай» фестиваліне қатысушылар да өнерлерін ортаға салды.

Гүлмира АЙМАҒАМБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − 2 =