Дәріске дән риза

0 29

Елордадағы Ұлттық музей үйде отырған аға­йынға Live форматында Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде тікелей эфир арқылы мұражайдағы құнды жәдігерлермен таныстыруды қолға алды. Осы игі шара аясында ұлттық мұралар мен құндылықтарға байланысты ғылыми мамандардың онлайн-дәрісі ұйымдастырылды. Соның бірі – «Қа­сиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту ғылыми-зерттеу орталығының директоры Батырхан Жұма­баевтың «Қазақы сананың қасиеті» тақырыбындағы онлайн-дәрісі.Тарихшы Батырхан Елікұлы бұл тақырыпты өте жақсы біледі. Халқымыздың ұғымында «кие», «әулие» деген сөздер жиі кездеседі. Бұл жер-су аталауларына да қатысты болып келеді. Осы бағытта білікті маман тарих пен бүгінгі күнді сабақтастыра білді.
– Халқымыздың ырымға, наным-сенімге деген көзқарасы ерекше. Қазақ қоғамында «киелі» деген ұғымның да бәсі биік. Әрбір заттың, жануардың, орындардың, сандардың және құстардың өзінің киесі бар деп есептеледі. Әлімсақтан бері Қазақ елі бесікке үкінің қауырсынын, қасқырдың тісін немесе бүркіттің тырнақтарын ырымдап іліп қояды. Ырымдап ат қою да біздің дәстүрімізде жиі кездеседі, бұл дегеніміз біздің ата-бабаларымыз тылсым табиғаттың белгісіз құпия­ларын жақсы меңгеріп қана қоймай, өздерінің тұрмыс-тіршілігіне пайдалану үшін оларды бейімдеп, жетілдірген. Ана тілімізде «киелі» сөзінің синонимы ретінде – «қасиет­ті», «қастерлі» деген сөздерді қолданады, – дей келіп, ұлттық ерекшеліктеріміз бен салт-дәстүріміз туралы салмақты ой сабақтады. Көрермендерде маманның дәрісіне дән риза болды.
Ұлттық музейдің онлайн-дәрісі әлі жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 1 =