Дариға ғалымдармен дидарласты

0 85

Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Дариға Назарбаева Мемлекет тарихы институтының бiр топ ғалымдарымен кездестi.
Кездесу барысында ел тарихын зерттеудiң жай-күйi туралы әңгiме өрбiдi. Депутат профессор Бүркiтбай Аяған басқаратын институттың ғылыми зерттеу бағытындағы жұмыстарымен танысып, өз ойымен бөлiстi. «Қазiргi тарихты жазу өте нәзiк әрi күрделi мәселе, себебi – жаңа тарихтың куәгерi Қазақстанның барлық азаматтары. Мемлекет тарихы институтының ғалымдары жаңа ұрпақ алдындағы бұл мiндеттi жақсы атқара бiлдi», – дедi Д.Назарбаева.
Мемлекет тарихы институты құрылған үш жылдың iшiнде ғылыми қызметкерлердiң қаламынан барлығы 54 кiтап шықты, оның 24-i ел Тәуел-сiздiгiнiң жиырма жылдығына арналған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + nine =