Дәрігерлерге үстемақы төлеу тоқтатыла ма?

0 11

1 қазаннан бастап пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуді тоқтату туралы бұйрықтың жобасы шықты. Оның мәтіні ашық үкімет порталына жарияланды.«Осы тәуекел тобы бір қыз­меткерге үстемақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңда биыл белгіленген ең төменгі жалақының жиырма еселенген мөлшерінен және 2021 жылғы 1 қазанға дейін – он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды» деп жазылған бұйрықтың жаңа нұсқасында.
Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 2021 жылғы 1 ақпаннан бері халықты және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін жаппай вакциналау басталды. Сонымен бірге медицина қызметкерлері қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Осылайша ерекше және зиянды еңбек жағдайларында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау жүйесінің қыз­меткерлерін қолдаудың жүйелі шараларына көшу мақсатында үстемақылар мөлшерін кезең-кезеңімен төмендету ұсынылады: тамыздан қыркүйекке дейін – белгіленген мөлшерден 50 пайызы және 1 қазаннан бастап үстемақы төлеу тоқтатылады. Бұл ретте реаниматолог-анестезиологтар, инфекционистер, реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің анестезистері, эпидемиологтар, психологтар және медициналық сақтандыру жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері, ядролық медицина орталығының қызметкерлері, ядролық медицина-патологоанатомдарына үстемақы төлеу жалғасады» деп хабарлады құзырлы министрлік. Аталған бұйрық 2021 жылғы 1 тамызда қолданысқа енгізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =