«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дәрігерлерге ризамыз

0 25

Ұлт саулығын сақтауда ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Әсіресе, елордадағы №12 қалалық емхананың дәрігерлер қауымының еңбегін ерекше атап өткім келеді

9c79b94c4a3ff82d928012e9371fbeac_XL

«Өзінің де, өзгенің де өмірін шуақты ету – баға жетпес ұлылық» деген қағиданы өмірлік ұстанымы етіп, адал еңбегімен абыройға бөленіп жүрген жандар осы ұжымда жұмыс істейді десем артық айтпаймын. Дәрігер мамандығы – бұл адамтану, адамның күрделі де қиын ішкі ағзасына үңіліп қана қоймай, жан дүниесін де тану. Аталған емхана 2016 жылы Есіл ауданындағы «Үркер» тұрғын алабында ашылды. Содан бері емхана дәрігерлері көптеген мәселелердің түйінін шешті. Атап айтқанда, тегін медициналық қызмет көрсету, күндізгі емхананы ұйымдастыру, амбулаторлық хирургия бөлімі, стоматологиялық кабинет, клиникалық зертхана, «Жігер» жастар денсаулығын қолдау бөлімі, рентген, офтальмология кабинеті ашылды. Емхана жаңа заманауи құрылғылармен жаңартылды.

2020 жылдан бастап емханада инфекциялық ауруларға қарсы провизорлық бөлім ұйымдастырылып, халыққа қызмет көрсетуде. Былтыр 10 ақпаннан бастап Қараөткел және Қаражар ауылдық округтерінің тұрғындары осы емханаға тіркеліп, бүгінде барлығы 30 мың адамға медициналық көмек көрсетілуде. Емханадағы медициналық қызметкер саны – 138. Соның ішінде 53 дәрігер, 85 орта буын медициналық қызметкер бар.

Берен ӨТЕБАЕВА, елорда тұрғыны

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды