Дәрігерлерге мың алғыс!

0 54

«Нұр-Сұлтан» қалалық психикалық денсаулық орталығы 15 маусымнан бастап коронавирус жұқтырған нау­қастарға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы болып өзгертілген болатын. Бір жарым айдың ішінде мұнда 1044 науқас емделді.

– Бүгін соңғы науқас жазылып шықты. Бәріміз тәулік бойы жұмыс істедік. Фармацевт Мелисса Самеева бәрін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті, менің орынбасарым Лариса Гом, бас медбике Гүлнәр Алтынбекова аянбай тер төкті. Төсек-­орындар жеткізу, реанимацияны орналастыру өте қиын болды. Бірақ Айнагүл Жамбурчинова, Салтанат Мусина сияқты білікті дәрігерлер арқасында қиындықты еңсердік, – дейді қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры міндетін атқарушы Ольга Комарова.
58 жастағы Уәлихан – клиникадағы COVID-19-ды жеңген ең соңғы пациент. «Мен орталықтың барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Емдеудің барлық кезеңінде мен орталық қызметкерлерінің тарапынан үлкен қамқорлық сезіндім. Дәрі-дәрмектер мен қажеттінің бәрі сол жерде болды. Тамағы да өте жақсы. Медбикелерге және дәрігерлерге рақмет» дейді ол.
Ольга Комарованың айтуынша, дезинфекциядан кейін психикалық денсаулық орталығы жақында өзінің бұрынғы профиліне сәйкес жұмысын бастайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =