Дәрігерлерге арналды

0 24

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында мерекелік қайырымдылық концерт өтті.

Қайырымдылық концерттің қонағы ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар, мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлер қатысты. Сахнада Еркеғали Рахмадиевтің, Мыңжасар Маңғытаевтың туындылары, сол сияқты Құрманғазының күйлері орындалды. К.Орфтың «Кармина Бурана» кантатасындағы «Fortuna» туындысы кештің сәнін келтірді. Бұл шығарма COVID-19-ға қарсы күрестің басты қаһармандары – медицина қызметкерлеріне арналды.

Концерттік бағдарлама еліміздің Конституция күнімен тұспа-тұс келді. Сахнада сирек кездесетін, күрделі орындалатын шығармалар қойылды. Жаңа театр маусымын ашқан концерт санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң түрде сақтай отырып өтті. Көрермендер арасында қашықтық сақталды, келушілер «Ashyq» бағдарламасы бойынша кірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + 6 =