ДӘРІГЕРЛЕР ӨРТПЕН КҮРЕСУГЕ ДАЙЫН

0 103

«Республикалық диагности­ка­лық орталығынан» өрт шықты. Онымен күресу үшін оқиға орнына Есіл ауданы­ның төтенше жағдайлар бас­­қар­­ма­­сының жеке құрамы ке­­ліп жетті. Олар жеткенде, ғимарат­­та­­ғылардың негізгі бөлігі сыртқа шығып үлгерген екен. Алайда қызыл жалын жолдарын бөгеп, жоғарғы қабаттарда бірнеше адам қалғаны анықталды. Өрт сөндірушілер оларды құтқару үшін арнайы сатыны қолданды. Иіс тиген бір адам төмен түсіріліп, оған сол жерде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Басқалар дін аман қалыпта әріптестерінің қатарына қосылды.

Шошып қалмаңыздар, бұл жай ғана осындай жағдайда дәрігерлерді шұғыл әрекет етуге, соның ішінде өрт сөндіргіш құралды пайдалануға үйреткен оқу-жаттығу жиыны болатын. Ақ халатты абзал жандар ол сыннан сүрінбеді. Оны қорытынды сөз сөйлеген Есіл ауданының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Е.Байыров атап өтті.
Оның айтуынша, осындай жиындар жылына шамамен бес рет өткізіледі. Мақсаты белгілі: төтенше жағдайларға адамдарды дайындау, оқыс оқиға бола қалған жағдайда тиісті іс-қимылдарды атқаруға үйрету.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − four =