Дәрігерлер мен мұғалімдерге әлеуметтік баспана салынады

0 25

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік баспана құрылысымен танысты. Олардың бірқатары – құрылысы бітпей қалған үйлер.Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл құрылыс көлемі ұлғайтылды. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда 8 мыңнан астам пәтер салынбақ. Мыңнан астам пәтер мұғалім, дәрігер сынды бюджеттік сала жұмысшыларына бөлінеді. «Жеңілдікпен берілетін пәтерлерге ерекше көңіл бөлеміз. Өткен жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеміз. Қыста барлық қажетті құжаттармен айналысып, құрылыс маусымында іске кірісуді көздедік. Жеке қабылдауымда тұрғындар жалдамалы пәтерді 5 жылдан кейін босату мәселесіне де алаңдаушылық білдірді. Арендалық баспана кезекте тұрған адамдардың 5 жылдан кейін босатуын білдірмейді. Тек 5 жыл са­йын келісімшартты ұзартып отыру қажет. Тек жұмыс істейтін жастардың арендалық баспанасы 5 жылда қайтарылуы тиіс. Себебі олар 5 жылда аяққа тұрып, өзге баспаналық бағдарламаларға қатысады» деді А.Көлгінов.
Биыл Нұр-Сұлтанда 500 мың шаршы метрден астам әлеуметтік баспана пайдалануға беріледі. Бұлар кезекте тұрғандарға (халықтың аз қамтылған бөлігіне) және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =