«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дәрігерлер мәртебесі өседі

0 223

Қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті.

Өткен жылмен «Денсаулық» мемле­кеттік бағдарламасын жүзеге асырудың үшінші жылы қорытындыланып отыр. «Біз астаналықтардың өмір сүру ұзақтығын 76,2 жасқа дейін арттырдық. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,2 жылға жоғары. Бұл көрсеткішке біз бала туу көрсеткішінің артуы мен жалпы өлім-жітімнің төмендеуі арқасында қол жеткіздік» деді жиынды ашқан Б.Сұлтанов. Әкім өз сөзінде елорданың денсаулық сақтау қызметінің Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сәйкес, өлім мен мүгедектіктің, сондай-ақ ана мен бала өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, онкологиялық аурулардың, туберкулез мен жара­қаттанудың негізгі себептерінің алдын алуға бағытталғандығын айтты.
Есепті жылға баяндама жасаған Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мына дәйектерге тоқталып өтті. Яғни, өткен жылы қалалық ауруханаларда 200 мыңнан аса адам емделген, 57 мыңға жуық ота жасалып, 28 мыңнан астам бала дүние есігін ашқан. Қала емханаларына тұрғындар 4,5 млн рет қаралған. Жүз мыңнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Үстіміздегі жылы жаңадан 4 диаг­ностика орталығы, 11 дәрігерлік амбулаториясы ашылады. Сонымен бірге «Астаналық дәрігер» жобасы іске қосылатын болады. Бұл елорда медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, қызметін ынталандыруға әсерін тигізбек. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады. Жедел жәрдем қызметін жетілдіру үшін 85 жедел жәрдем көлігі сатып алынады, оның 25-і – реанимобильдер. Қамалжан Надыров сондай-ақ басқарманың ағымдағы жылға арналған жоспарларына тоқталып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, халықтың денсаулығын одан әрі жақсарту бойынша жұмыстар жалғастырылатынын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды