Дәрігерлер Елбасы музейін аралады

0 25

Жарты жылдан бері әлемді жайлаған жұқпалы індетпен күресіп жүрген елордалық ақ халатты абзал жандар Елбасы музейінің жаңа ғимаратын аралады.

Қаладағы фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке бастаған медицина қызметкерлерін Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов қарсы алып, «бейбіт күннің батырларына» айналған дәрігерлердің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жаңа ғимаратты аралау барысында медицина мамандары еліміздің даму жолымен танысып, Елбасының өмір жолы мен қызметі туралы мол ақпарат алды. «Қазақстан-2030» стратегия­сында ел азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты басты бағыт ретінде көрсетілген. Ақ халатты абзал жандарды, әсіресе «Дананың дара жолы» залында орналасқан әртүрлі медициналық орталықтардан берілген кәдесыйлар ерекше қызықтырды. Сондай-ақ халқымыздың тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін баяндайтын қорытынды шоуды тамашалаған дәрігерлер «Қазақстан мақтанышы» залындағы интерактивті алаңды аралап, «Мәдениет» бөліміндегі ұлттық аспаптарды көріп, күмбірлеген күй тыңдады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 6 =