ДӘРІГЕРЛЕР ДУМАНЫ

0 134

больница1

Ұлыстың үлы күнін Астана қаласындағы Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығының ұжымы да ерекше ықыласпен атап өтті.

Осынау әдемі мерекемен ұжымды құттықтаған аталмыш орталықтың директоры Ербол Нұрқатов Наурыз көктемнің ғана емес, күллі әлемдегі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы екенін айта келіп, әріптестеріне ақ тілегін арнады. Бұдан кейін тойдың шашуы шашылып, Қыдыр ата жиналғандарға батасын берді.

Қазақтың жаңа жылында орта­лық­тың ақ халаттылар қарап қалмай, бар өнерлерін ортаға салды. Мейірбике Жадыра Мұратқан қазақ, испан билерін мың бұрала билесе, оның әріптесі Самал Миманова шығыс биін төгілдіріп, көпшіліктің қоше­метіне бөленді. Ал, Бекзат есімді қызметкер қылқобызды қолына алып, «Ақбаян» әнін шырқата салды. Бөлімше қызметкерлері Татьяна Гетцель мен Елизавета Бородулина жыл басы – Наурызға арналған өлеңдерді қазақ тілінде мәнерлеп оқып, ризашылыққа бөленді. Педагог-тәрбиешілер Вера Лазерева мен Кенже Имашқызы «Қазақтың дастарханы» әнін қосыла шырқап, тойдың көрігін қыздыра түсті.

Жалпы, Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы жыл сайын Наурызды айрықша көңіл-күймен қарсы алады. «Бұл – жалпыұлттық мереке әрі қазақтың жаңа жылы. Оны атап өтпеу мүмкін емес» дейді олар.

Қымбат Тоқтамұрат

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five − three =