Дәрігерге үстемақы төленеді

0 48

Қазіргі кезде елімізде індетпен күресуге жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төленеді. Мұндай жаңалықты Премьер-министр­дің баспасөз қызметі таратты. Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында осындай шешім шығарылды.Алдағы үш айда індетті жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша төлемдер жасалады. Біріншіден, «Қауіптілігі аса жоғары топ» – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационардың дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне 20 ең төменгі жалақы мөлшерінде үстемеақы (850 000 теңге) төленеді. «Қауіптілігі жоғары топ» – провизорлық стационарлар мен жәдел жәрдем дәрігерлеріне, орта және кіші медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы 10 ең төменгі жалақы мөлшерін (425 000 теңге) құрайды.
«Қауіптілігі орташа топ» – карантиндік стационардағы дәрігерлерге, орта және кіші медицина қызметкерлеріне, санитар дәрігерлерге (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем көлігінің жүргізушілеріне және т.б. 5 ең төменгі жалақы мөлшерінде (212 500 теңге) үстемеақы төленеді.
Асқар Мамин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Медицина қызметкері жұқпалы аурумен ауырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлемнің көлемі 2 млн теңгені, ал науқас көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + fourteen =