Дәрігерден қалған жәдігер

0 20

Бұл үй Ақмолада танымал дәрігер Ф.И.Благовещенскийге тиесілі болған. ХХ ғасырдың басында дәрігер 37 жыл бойы осы үйде тұрып, науқастарды қабылдады.

IMG_6561

Ф.И.Благовещенский Ақмола қалалық ауруханасының меңгерушісі, Мариин училищесінің оқытушысы болды. Кеңестік кезеңде ғимаратты Орталық облыстық бухгалтерлік мектеп иеленді, ал бүгінгі күнде Сәкен Сейфуллин мұражайының әкімшілігі орналасқан, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекция­сы» МКҚК жанындағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығының ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы Мәншүк Исаева.

Үй ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады және XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнеріне тән эклектикалық стильді бейнелейді. Бұл стиль ағаш бөрене үйінің терезе саңылаулары мен карниздерінде айқын көрінеді. Өткен ғасырдың шеберлері жасаған терезе жақтауларының ою-өрнектері айқын сәндік элементтердің өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Жалпы, үйдің сәулеттік стилі сол кезеңнің құрылысына тән стильдердің үйлесімін көрсетеді. Ғимараттың жабынды шатыры батыс еуропалық сәулеттің әсерін көрсетеді, ал қасбеттердің безендірілген пиластерлері классицизмнің сәулеттік стилін ерекше көрсетеді. Жоспарлау шешімі бойынша үйдің екі жағында орналасқан үй-жайлары бар дәліз жүйесін ұсынады.

Ағаш үйдің дәстүрлі көркемдік ерекшеліктері ғимараттың сыртқы түрін және ғимараттың қазіргі уақытта көрерменге тигізетін әсерін анықтайды. Ф.И.Благовещенскийдің үйі Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады.

Ғимарат қаланың ескі орталығындағы М.Әуезов көшесінің бойындағы С.Сейфуллиннің мұражайы жанында орналасқан. Бірыңғай сәулет стилінде жасалған және қала көшесінің бір сызығында орналасқан ғимараттар бір-бірін толықтырып, бірыңғай сәулеттік композиция құрайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 7 =