«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дәрігер мен дәрі жайы айтылды

0 161

Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесінің даму мүмкіндіктері мен халыққа медициналық қыз­мет көрсету жағдайы қоғамдық тыңдауда талқыға салынды.

Ұлт денсаулығын нығайту мақсатында көптеген реформа жасалса да, түйткілі көп мәселелер әлі де жетерлік. Солардың ең өзектісі деп көпшілік дәрігерлердің жалақысын айтады. Елордадағы жалпы практика дәрігерінің еңбекақысы мәскеулік әріптестерінің жалақысымен салыстырғанда 6 есе аз болып шықты. Еңбек өтіліміне қарай 45 мың теңгеден басталып, 140 мың теңгеге дейін баратын дәрігер жалақысы халыққа медициналық қызмет көрсетуге әсер ететіні белгілі.
Тағы бір толық шешімін таппаған мәселе – стационарлық емхананың тапшылығы. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, 2022 жылға қарай ескі темір жол ауруханасының орнына 500 жатын орынға шақталған заманауи емхананы салу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік инвесторлар бар. Қайткен күнде де әкімдік бұл бастаманы аяқсыз қалдырмайды.
2018 жылдан бастап науқастарға берілетін тегін дәрілерді бірден емхананың дәріханаларынан алуға болады. Бұл шешімнің арқасында әкімдік 1 млрд теңгедей ақша үнемдемек. Ал үнемделген қаржы медицина саласындағы өзге қажеттіліктерге жұмсалады.

Гүлдана Талғатқызы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды