ДӘРІГЕР КЕҢЕСІНЕ ДЕН ҚОЮ КЕРЕК

0 134

IMG_3477

Мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын бүлдіршіндердің тиісті екпелерін алып, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгінудің маңызы зор. Осыған орай, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Төлегенова ата-аналарға қажетті бірқатар мәліметтермен бөліскен еді.

-Биыл бірінші сыныпқа баратын балаларды мектепке рәсімдеу үшін қандай медициналық құжаттар қажет?

– Баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық емхананың учаскелік педиатрының және жалпы тәжірибедегі дәрігердің кеңесін алғаны жөн. Сол жерде балаға денсаулық паспорты (026/у-3), профилактикалық егу картасы (063/у), Екпе паспорты толтырылады. Бала невропатолог, хирург, офтальмолог, лор, тіс дәрігерінің тексеруінен өтуі тиіс. Сондай-ақ, емханада арнаулы талдаулар жасалып, яғни қан, несеп, гельмент жұмыртқасына нәжіс талдауы жүргізіледі.

– Бірінші сыныпқа баратын оқушылар бұдан әрі қарай профилактикалық екпелерді қайдан алады?

– Оқушыларға вакцинация және профилактикалық тексеру мектепте жүргізіледі. Профилактикалық тексеру мектептің бекітілген аумағы бойынша емхана мамандарының қатысуымен жүргізіледі.

– Өткен оқу жылында жасөспірімдерге адам паппиломасына қарсы екпе жасалған болатын, бұл шара биыл да жалғаса ма?

– Иә, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында адам паппиломасына қарсы екпе егу науқаны жүргізіледі. Қосымша ақпаратты балаңызға қызмет көрсететін емханадан алуыңызға болады.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − eight =