«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дәрігер – кәсіпкер

0 95

Елордалық Ұлболсын Сунтаева 10 жылдан аса уақыт медицина саласында кәсібін дөңгелетіп келеді.

53dec1c8e805aac8be9cd20e678570e1_1280x720

Кәсіпкерлікке дейін ол елордадағы клиникада дәрігер-­физиотерапевт болып жұмыс істеген. Жинаған тәжірибесіне сай пациенттерді емдеу тактикасын сауатты құруды жақсы білетін. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіпкер өзінің бизнеске қалай келгені, оның басталуы және қазір қандай жетістіктерге жеткені жайлы айтып берді.

Ұлболсын Сунтаева ұлттық ғылыми-медициналық орталықта физиотерапевт болып жұмыс істеді, лазерлік терапия мен оңалту саласында жинаған тәжірибесі мол.

«Мен кәсіпкермін, медициналық қызметпен айналысамын. Медицина – бұл менің өмірім. Бала күнімнен дәрігер болып, науқастарды емдеуді армандайтынмын. Ұзақ уақыт бойы ұлттық ғылыми-медициналық орталықта физиотерапевт болып қызмет еттім. Осы клиникада жинаған тәжірибемнің және оның керемет басшысы Абай Байгенжиннің қолдауымен лазерлік терапия мен оңалтудың қыр-сырын меңгердім. 2018 жылы лазерлік терапиямен айналысып жүріп, оңалту орталығын ашу туралы шешімге келдім. Себебі жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бар науқастарға лор кабинеті қажет деген идеям болатын. Дәл осы уақытта коронавирустық инфекция өршіп кетті» деп өз әңгімесін Ұлболсын Сейітқызы бастады.

Лор-жабдықты сатып алу үшін ол «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу жөнінде тоқтамға келеді. Себебі бағдарлама барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін өтеусіз гранттар бөлінеді.

«Бизнес-идеямның мақсаты медициналық орталықты, көрсетілетін медициналық қызметтер аясын кеңейту және тиісінше жұмыс орындарының санын арттыру болды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 млн теңге көлемінде өтеусіз грант жеңіп алдым. Бұл қаражатқа Оңтүстік Кореядан шығатын лор-комбайн сатып алдым. Қазіргі жетістіктерімнің нәтижесі: медициналық орталық аясы кеңейді, жаңа медициналық денсаулық клиникасын аштым. Тиісінше, көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі көбейді, бұл тізімге лор-рәсімдер, оңалту қосылды. Қосымша жұмыс орындары ашылды» деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз гранттар мен кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да құралдары кәсіпкерлерге өз ісін дамытуға, қоғамға әрқашан талап етілетін және мақсаттары мен армандарын іске асыруға үлкен көмек пен ынталандыру.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды