Дәрігер дидары – көшенің ажары

0 49

Елорда көшелеріне сән беріп тұрған билбордтар медицина қызметкерлерінің пандемия кезіндегі қажырлы еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісіндей болып тұр.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының орталық көшелерінен 40-тан аса дәрігердің суретін көруге болады. Шара бастамашылары дәрігерлерге қажырлы еңбегі мен індетпен күрес­те көптеген адамның өмірін сақтап қалғаны үшін осылайша алғыс білдіруді ойластырыпты. Құрметке бөленген дәрігерлер қатарында ­Раида Тұрсын, Дәурен Молдажанов, Марина Макиенко, Ғайса Нұрғалиев, Жазира Нубин және басқалар да бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =