Дәрігер балаларына – тегін курс

0 56

Мәдениет және спорт министрлігі жазғы демалыс кезеңінде медицина қызметкерлерінің балаларына білім беруге арналған «Пайдалы бос уақыт» атты жаңа жобаны бастайды. Соның аясында 9-15 жас аралығындағы балаларға онлайн курстар өткізеді.

Жобаның мақсаты – індетке қарсы күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсету. Қайырымдылық жоба балалардың бос уақыттарын пайдалы өткізуге бағытталады. Онда жеткіншектер өнер және спорт бағытындағы курстарды таңдай алады. Еліміздің белгілі өнер қайраткерлері жеке әрі топтық дәрістерді тегін өткізеді.
Курстар домбыра, фортепиано, скрипка, гитара, эстрадалық ән айту, сурет салу, актерлік шеберлік және еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, гимнастика, бокс, тхэквондо бойынша ұйымдастырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + seven =