Дәрі-дәрмектің 400 түрі таратылды

0 42

Нұр-Сұлтан қаласының дәріханаларына вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер таратылып жатыр.Дистрибьюторлар екі күн ішінде қалаға Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге арналған 1 млн 200 мыңнан аса дәрі-дәрмек қаптамасын жеткізді. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер «Феникс», «Гиппократ», «Цветная», «Максима Фарм», «Частная», «Медилаб», «Салауат», «А-Фарма» және басқа да ірі дәріхана желілеріне бөлінуде. «Қазіргі уақытта клиенттерге дәрі-дәрмектер жөнелтіліп жатыр, кеше түні бойы дайындадық. Таңнан бері 5 газель машинасын жібердік, тағы екі көлікке дәрі-дәрмек тиеліп жатыр» дейді «Inkar» ЖШС директоры Ақмарал Манауова.
Бұған дейін хабарлағандай, қалаға келген тауарлардың тізімінде шамамен 400 дәрі-дәрмек түрі бар, атап айтқанда, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және басқалары бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two − 1 =