Дәрі-дәрмек жеткізілді

0 13

Нұр-Сұлтанға жүк ұшағымен COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге қажетті 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жүк ұшағымен жеткізілді.Дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар. Мәселен, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және тағы басқалары бар. Сонымен қатар елордаға жақында жүк көліктерімен тағы дәрі-дәрмек жеткізілмек. Осы аптадан басталған дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетеді. Уақытылы ақпарат алу үшін елорда әкімдігі covid19.astana.kz парақшасын ашты, онда сіз коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді, оның ішінде дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын білуге болады.
Сонымен қатар жақын уақытта елордаға 200 өкпені жасанды желдету құрылғысы, 500 флоуметр, 500 оттегі концентраторы және екі компьютерлік томография жеткізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =