Дәрі-дәрмек жеткізілді

0 31

Нұр-Сұлтанға ұшақпен COVID-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруларға қарсы 2,5 млн дана дәрі-дәрмек жеткізілді. Олардың ішінде 550 мың қорап парацетамол мен ибупрофен, 300 мыңнан астам антикоагулянттар қаптамасы – ксарелто мен аспирин бар, сондай-ақ 1,4 млн бактерияға қарсы препараттар қаптамасы: азитромицин, цеф­триаксон, левофлоксацин, велпенем; 30 мың вирусқа қарсы препараттар және т. б. бар.Шілденің ортасынан бастап қалаға 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді. Тексеруден кейін (1-2 күн) дәрі-дәрмектер дәріхана желілеріне таратылады. Бұл жүктер гуманитарлық көмек емес. Әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алуға және тасымалдауға көмек көрсетіп, дәріхана желілерінің дистрибьютерлеріне айналым қаражатын бөледі. Қала ауруханалары мен емханаларында дәрі-дәрмек қоры бар – олар уақытылы толтырылып отырады. Медицина мекемелеріне қосымша медициналық жабдықтар – 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, 500 арнайы кереует жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қосымша медициналық құралдарды сатып алу жұмыстары тұрақты негізде жүзеге асырылуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =