Дәрі-дәрмек тегін беріледі

0 16

МӘМС аясында 700 диагноз бойынша немесе 64 ауру тобына сай тұрғындар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.Алдағы уақытта бұл тізімді кеңейтіп, инфекциялық, протозойды, паразиттік аурулар, гельминтоздар, инфекциялар, ас қорыту, қан, ағзалардың аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар, жүйке жүйесі, көру, есту және тыныс алу ағзаларының, тері және тері асты клетчаткасы, несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекер тіндердің аурулары, сондай-ақ жүрек-қан тамыры аурулары кезінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған препараттар тізімі МӘМС жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алынатын 225 атауға кеңейтілетін болады. Олардың 161 атауы ересектерге, 192 атауы балаларды емдеуге арналған.
Бірыңғай дистрибьютор басшысы Берік Шәріптің айтуынша, 157 жаңа атау, оның ішінде анағұрлым жиі қолданылатын қызуды түсіретін және қабынуға қарсы құралдар сияқты дәрі-дәрмектер, сондай-ақ антибиотиктер қазіргі уақытта сатып алынған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды