Дәрі-дәрмек тапшы ма?

0 12

Нұр-Сұлтан әкімдігі дәріхана ұйымдарына дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

«Елордалық дәріханаларда тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмектер болуы керек. Дәрі-дәрмектердің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәрі-дәрмектерді уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек» деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде.

«Нұр-Сұлтан қаласының фармацевтикалық ассоциациясы» заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі директоры Гүлнарай Алмурзинаның айтуынша, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады. «Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттар, азитромицин антибиотиктерін сатып алды. Біз анализ жүргізіп, дәрі-дәрмектердің 41 атауы көрсетілген кесте құрдық. Мемлекеттік агенттіктің дәрі-дәрмектерді халыққа қанша мөлшерде таратуға болатындығы туралы меморандумға қол қоюға шешім қабылданды. Ал антибиотиктер мен рецепт бойынша дәрі-дәрмектер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен ғана жіберіледі» деді бірлестік басшысы.
Сонымен бірге, ол дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің жетіспеу­шілігін ескере отырып, олардың балама нұсқаларының барына назар аударды: Бұл ретте «Панадол», «Эфералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган» дәрілері дәріханаларда бар екенін еске салды.
24 маусымдағы жағдай бойынша елордада коронавирус жұқтырудың 3484 жағдайы тіркелді. Оның ішінде
2 501 науқас (69%) емделіп шықты және 38 өлім жағдайы (1,1%) орын алды. Күнделікті пневмониямен ауруханаға түсетін науқастардың саны артты, әр екіншісі вирустық пневмонияға шалдыққан. Олардың 90-ының жағдайы орташа ауыр. Сондықтан тұрғындар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =