Дәрі бағасын кімдер көтереді?

0 56

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына тұрғындардан дәрі-дәрмектің бағасы негізсіз көтерілгені туралы көптеген арыз-шағымдар түсті. Депутаттар Мирас Шекенов, Рамзия Өмірбаева және Илья Мещеряков мәселенің анық-­қанығына көз жеткізу үшін бірқатар дәріханаларды аралап шықты.– Қаламызда дәрілік заттардың тапшылығы байқалды. Кейбір дәріханалар дәрілердің шекті бағасын белгілеу туралы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын бұзды. Әрине, мұндайға халық төзбеді, – деді мәслихат депутаты, «Astana – adaldyg alany» жобалау кеңсесінің жетекшісі М.Шекенов.
Рейдке депутаттармен бірге «Astana – adaldyg alany» жобалау кеңсесінің, жемқорлыққа қарсы комитеттің мониторинг тобы мен партиялық бақылау комитетінің өкілдері қатысты. Қорытындысында дәрі-дәрмектің бағасын көтеру шағын дәріханаларда кездесетіні анықталды.
– Желілік дәріханаларда дәрі-­дәрмектің шекті бағасынан асырып сату фактілерінің бірі де анықталған жоқ. Бағаны шағын дәріханалар көтереді. Олар «өзі­мізге биміз, өзімізге қожамыз, ешкім жұмысымызды бақыламайды» деп ойлайды, – деді М.Шекенов.
Аралау қорытындысында заңға қайшы әрекет еткен дәріханалар иелерін жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға хат жібе­рілді. Бұл үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензияны қайтарып алуға дейін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =