Дархан дала дидары

0 147

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың көркем галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мұхтар Байбосынның «Дархан дала сарыны» атты шығармашылық көрмесі ашылды. 

Көрмеге автордың 40-тан астам жұмысы шығарылды. Олардың барлығы қазақтың дархан даласы мен салт-дәстүрлеріне арналған. Мұнда «Сәкен Сейфуллиннің сом бейнесі», «Ақан сері», «Әке портреті», АлмаАрасан, Бурабай, Медеу сияқты Қазақстанның көрікті жерлеріне арналған шығармаларды көруге болады. «Мен өзім бала кезімнен бастап осы өнерге әуеспін. Шығармаларымды сатып көрген емеспін. Себебі, оның барлығын коммерциялық мақсатта емес, өзім үшін, қазақтың өнері үшін саламын», – дейді М.Байбосын.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + sixteen =