ДАНИЯЛЫҚТАРМЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТТЫ

0 114

13972218124

Астана қаласына Данияның Санкт-Петербург қаласындағы бас консулы Клаус Серенсон бастаған делегация келді.

Дания делегациясы алдымен елорданың ірі энергетика нысандары ЖЭО-2 және ЖЭО-3 кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешенінде болып, «ақылды үйдің» жылу беру және сақтау жүйесіне аса мән берді.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крыловтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел мәжілісінде екі жақтың мамандары жылумен қамтудың орталықтандырылған жүйесін инновациялық тұр­ғыдан жетілдірудің жолдарын талқылады. Жоғары технологиялық, энергиялық тиімді және инновациялық компаниялардың қазақстандық қауымдастығы мен Жылумен қамту жөніндегі даниялық кеңес арасында өзара түсіністік пен әріптестікті нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − three =