Данэлия – жартылай финалда

0 20

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық «Аmerіса’s Got Таlеnt» таланттар шоуының жартылай финалына өтті.

Жартылай финалистер көрермендердің дауысы арқылы таңдалып, дауыс беруді АҚШ-тағы NBС сайты бақылады. Бірнеше қатысушы қазылар алқасынан қосымша ұпай алды. Қазақстандық 14 жасар жұлдызымыз ширек финалда Гарри Стайлздың «Sign of the Times» әнін тамаша орындап шықты. Оған көрермендер мен қазылар алқасы орындарынан тік тұрып қол соқты.
«Лос-Анджелесте менің жанымда анам және ұстазым Наталия Александровна бар. Біз сахнаға шығардың алдында қатты қобалжыдық. Мен академиялық педагог Гүлзат Даурбаевамен қосымша дайындалдым. Ауырып та қалдым. Бақытымызға орай, бәрі сәтті өтті. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Баршаңызға рақмет! Мен қазір қандай күйде тұрғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет атмосфера! Шабыттандырады екен. Мен енді келесі турға дайындаламын» деп бөлісті өз қуанышын Данэлия әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − thirteen =