Дәмханада газ баллоны жарылды

0 53

1 қарашада сағат 12:25-те Шұбар ауданындағы дәмханада газ баллоны жарылуы салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түсіп, үйінді астында қалып қойған қыз бала оқиға орнында қаза болған.

Ол жерде 35 газ баллоны бар екені анықталған. Барлығы 35 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта елорда ауруханаларында 23 адам ем алып жатыр. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдейді. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр. Осы оқиғадан кейін қаза тапқан әйел адамның отбасына көмек көрсетілетіндігін айтқан қала әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында «Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған әйелдің отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым» деп жазды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 1 =