Дала дәстүрлерін жаңғыртқан

0 9

«Forte Kulanshi Art Space» галереясында мүсінші, зергер, суретші Сержан ­Башировтың жеке коллекция­сынан құралған «Таңба шырақшысы» атты зергерлік өнер көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Жоба «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Іс-шара «FORTEBANK» АҚ пен «KULANSHI» Заманауи өнер орталығының ұйымдастыруымен және Еуразиялық Өнер академиясының қолдауымен өтті.
– Неліктен Сержан Башировтың туындыларын таңдадық? Себебі Сержан Баширов ата-бабаларымыз дәстүріндегі, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық бұйымдарды насихаттайды. Оның жасаған әр туындысы қазақ мәдениетінің биігінен орын алады. Жүрек елжіретерлік туындылары бір жағынан қарапайым көрінгенімен, екінші жағынан мағынасы терең. Бұл – өте үлкен еңбек, – деді Лейла Махат.
Сержан Баширов дала өнерінің дәстүрлеріне үңіліп, көне зергерлік бұйымдар мен қазақтың көшпелі мәдениетінің тұрмыс­тық заттарын студент кезінен бастап жинай бастады. Суретші ежелгі кілемдердің тарихына, сандықтардың құпияларына, ежелгі қару-жарақ аңыздарына толы әлемде өмір сүреді.

Диана БАТЫРБЕК,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университетінің студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + one =