Дағдарыс орталығындағы думан

0 97

Астана қаласындағы Дағдарыс орталығында жаңа жылдық шырша кеші өтті.

erm_6866

Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» орталығының құрылғанына үш жыл болды. Осы уақыт аралығында мекеме тұрмыстық қиындыққа тап болған талай әйелге әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсетіп, барынша қолдап келеді. Осы жолы орталық ұжымы өздерін паналаған жандардың балаларына арнап думанды кеш өткізіп, көңілдерін бір көтеріп тастады.
Аяз ата мен Ақшақар және «Мұз жүрек» мультфильмінің басты кейіпкерлері Анна мен Эльза келіп қатысқан шара орталықтағы 45 балаға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бас-аяғы бір жарым сағатқа созылған шырша мерекесінде әртүрлі сыйлықтар тапсырылып, тәттіге толы дастарқан жайылды. Сондай-ақ, түрлі ойындар ойнатылып, сабын көпіршіктері шоуы көрсетілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 3 =