COVID call-орталығы құрылды

0 14

Елорда тұрғындарына арнап коронавирустық инфекция мәселесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан call-орталық құрылды.Енді қала тұрғындары COVID-19 мәселелері бойынша call-орталықтарға қоңырау шалып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алады.
Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметтің барлық түріне жүктеме түсіп отыр. Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түседі, ал шақыру саны 3 мыңнан асады, оның ішінде КВИ бойынша 300-ге дейін жетеді.
«Қала тұрғындары тарапынан мобильді топтардың жұмысы, учаскелік дәрігерлерге қоңырау шалу бойынша көптеген өтініш түсті. Қазір денсаулық сақтау мекемесінің әрқайсысына үлкен жүктеме түсіп отыр. Дәрігерлер күніне 3 мыңнан астам науқасты үйінде тексереді. Осыған байланысты қала тұрғындарына түсіністік танытуын сұраймыз. Егер өзіңізде аурудың симптомсыз түрі болса, фильтр-кабинеттерге, өз емханаңыздың call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз» деп жазылды қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 4 =