«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Чернобыль қаһармандарын дәріптеген

0 342

Елордадағы №10 мектеп-гимназияда Чернобыль апатын жоюға қатысушы Марат Жүнісбектің «Көрінбеген соғыстың сарбаздары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Екі тараудан тұратын бұл кітап – автордың Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысқан қазақстандық азаматтар жайлы жазған төртінші кітабы.

Өкінішке қарай, Чернобыль ардагерлерінің қатары жыл сайын азайып барады. Апаттың салдарын жоюға қатысқан 32 мыңнан аса қазақстандықтың қазір 5127-сінің ғана көзі тірі. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде жылына 15-16 ардагер өмірден өтіп жатыр.

– Ондағы басты себеп – апат аймағында денелеріне таралған радиацияның әсері. Ол, тіпті, сегізінші ұрпаққа дейін жайылуы мүмкін. Оларда қанның ақ түйіршіктері көбейіп, сүйек майының кебу қаупі өте жоғары. Жапон елі кезінде атом бомбасы түскен жерде өмір сүрген тұрғындардың ұрпағын әлі күнге дейін емдейді. Бізге де сол тәжірибені енгізсе деген тілек бар, – дейді кітап авторы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды