Чехтар жеңіп кетті

0 133

Астанада өткен Қазақстан мен Чехия арасындағы Дэвис кубо­гі­нің ширек финалдық кездесулері қонақтар жеңісімен аяқталды.

Алғашқы матчта Ұлттық теннис кортында Михаил Кукушкин мен чех Ян Хайек ракетка түйістірген болатын. Өкінішке қарай, отандасымыз Михаил Кукушкин үш сетте қарсыласына жол берді. Есеп – 6:3, 6:2, 6:4. Осылайша чехтар қоржынына алғашқы ұпай түскен болатын. Екінші жекелей кездесу Андрей Голубев пен Лукаш Росол арасында өрбіп, тағы да біздің теннисші жеңіліс тапты. Осылайша ойынның алғашқы күні екі теннисшіміз қапыда қалды.

Кездесудің екінші күні өткен жұптық сайыста Юрий Щукин мен Андрей Голубев чехиялық теннисшілер Радек Штепанек пен Ян Хайекке қарсы ойнады. Күн бұрынғы қателіктерін түзеуге тырысқан қазақстандықтар қарсыластарын үш сетте 7:6, 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Жасыратыны жоқ, біздің команда жұптық сында аса мықты емес. Соған қарамастан Щукин мен Голубев қазіргі Дэвис кубогінің иегерлерін айқын басымдықпен ұтты. Бұл ойынды Қазақстан теннисінің сенсациясы десе де болады. Себебі, АТР рейтингісінде Голубев 205-ші, Щукин – 463-ші орында болса, Штепанек – 45-ші, Хайек – 94-ші орында.

Топырақ төсемелі кортта өткен шешуші ойында Евгений Королев Лукашу Росолдан 6:7, 7:6, 6:7, 2:6 есебімен ұтылды. Қорытынды командалық есеп – 3:1. Чехтар – жартылай финалда.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 − 1 =