©2020 Астана Ақшамы
Чехияның жаңа президенті
ПРАГА. Ресми Прага жаңа Президентін ұлықтауға әзірленіп жатыр. Чехиядағы президенттік сайлауда мемлекеттің бұрынғы премьер-министрі Милош Земан жеңіске жетті.
Ресми деректерге сүйенсек, Земан 54,8 пайыз дауыс жинаған. Бұл барлық 14 мың 904 сайлау бөлімдерінен алынған мәлімет. Оның басты қарсыласы – бірінші вице-премьер, Сыртқы істер министрі Карел Шварценбергке электораттың 45,19 пайызы қолдау көрсеткен. Президенттік сайлаудың екінші кезеңіне келген дауыс берушілер саны 59,11 пайызға жеткен көрінеді. Сөйтіп, чехия жұртшылығы тұңғыш рет тікелей дауыс беру тәсілімен, үшінші президентін сайлады.
Земан 1944 жылы қыркүйектің 28-і күні Колин қаласында дүниеге келген. 1968 жылы компартия мүшесі болып, 1993 жылы Чехияның социал-демократиялық партиясының төрағасы болып сайланған.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ