Басты ақпарат

  • Отаншылдық – жалпыұлттық құндылық

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі Қадірлі отандастар!Құрметті Ассамблея мүшелері! Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды.…

    Жалғасын оқу
  • Қор жұмысын қойыртпақ пен қателіктерден арылтсақ, мүмкіндігі мол

    Ашығын айту керек, елімізде МӘМС жүйесі толық іске қосылғаннан кейін барлық азаматқа қолжетімді болды. Соңғы 4 жылда медициналық қызметтердің тізімі кеңейіп, тұрғындар үшін көрсетілетін қызмет сапасына мән беріле бастады. Дегенмен жүйенің кемшілігі де көп. Халық арасында МӘМС жүйесіне қатысты сенімсіздік көбейді. Жүйенің әу бастағы мақсаты қандай еді? Алдағы тағдыры қандай болмақ? Осы жөнінде белгілі дәрігер, бүгінде ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова…

    Жалғасын оқу
  • «Корифейдің» көтерген жүгі

    Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан «Astana Eurasian Book Fair-2025» VІІІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің аясында белгілі публицист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың «Корифей. Культурология Абиша Кекильбаева» атты кітабының таныстырылымы өтті. Ұлттық кітап күніне сәйкес келген іс-шараны мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов жүргізіп, кітаптың құндылығына, оны оқудың мән-маңызына тоқталды. Жаңа еңбекті таныстыра келе, 2019 жылы Әбіш…

    Жалғасын оқу
  • Қоғамдық санитария – мәдениет көрсеткіші

    Қазақстан – туристік әлеуеті зор ел. Бірақ елімізге сая­хаттай келген қонақтар мен жергілікті туристердің жолға шыққанда немесе саяхат орындарына барған кезде бетпе-бет келетін басты мәселенің бірі – дәретхананың тапшылығы. Дәретхана мәселесі – жай ғана тұрмыстық мәселе емес. Ол – адам денсаулығы, қоғам гигиенасы мен елдің мәдени даму деңгейінің көрсеткіші. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарауға болмайды. Жуырда Үкімет отырысында отандық туризмді…

    Жалғасын оқу
  • 83 жыл өткен соң…

    Екінші дүниежүзілік соғыс бұл тек тарих кітаптарындағы беттер ғана емес, бұл – туған жерін, туған халқын қорғау үшін жанын қиған ­миллиондаған боздақтың тағдыры. Халқымыздың ардақты ұлдары – Ресей Мемлекеттік Думасының алғашқы екі шақырылымының депутаты, заңгер Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов пен қоғам қайраткері, алашшыл азамат Ғазымбек Қорғанбекұлы Бірімжановтың туған інісі, Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен жауынгер Жұмахан Қорғанбекұлы Бірімжановтың жатқан жері араға…

    Жалғасын оқу
  • Түйіні жоқ тартыс

    XXI ғасыр басында әлем дамудың жаңа сатысына көтерілгендей көрінгенмен, геосаяси текетірестер мен әскери қақтығыстар саябырсыған жоқ. Соның айқын дәлелі – 2022 жылдың ақпанында басталған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс. Соғыс тек екі мемлекеттің ғана емес, күллі әлемнің тыныштығына сызат түсіріп, жарыса қаруланудың қайта басталуына мұрындық болды. Бұл соғыс қанды қақтығыстың айқын жеңімпазы болмайтынын анық аңғартты. Үш жылдан астам уақытқа созылған…

    Жалғасын оқу
  • Оңай жем ­болмайық!

    Қазір арзан атақ, жеңіл ақшаның насихаты қатты. Ал шын мәнінде ел ертеңін жарқын ететін жел ақша, жеңіл жұмыс емес екенін ескере отырып, қоғамға үндеу жолдаймын. Әуелі жалпақ жұртқа жалт-жұлт еткен жарнамаға сеніп, арзымас күмәнді дүниеге сенбеңіздерші деп жар салғым келеді. Өйткені айналаның бәрі алаяқ қазір. Мысалы, менің қолым­дағы мына қалам 10 мың теңге тұрады. Осыны біреу сізге 2 мың теңгеге…

    Жалғасын оқу
  • Биік рух – қорғаның

    Ислам ілімі сан қырлы, жай адамға дін-исламның терең қатпарларын, оның құқықтық мектептері мен түсіндірмелерін түсіну өте күрделі. Бұл жол ислам ілімінің ізіне түскендер үшін де жеңіл жүк емес. Момынның бес парызын ұстауының өзі, оны және барлық істі ихсан дәрежесінде, яғни риясыз көркем түрде толыққанды жасаудың бұл дүниенің сынақтарынан сүрінбей өтуіне көп себі тиеді. ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі қоғамдық…

    Жалғасын оқу
  • Толеранттылық – үлкен құндылық

    Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің нәтижесі дер едік. Сондықтан Жаңа Қазақстан құрудағы басты қағида – ол этносаралық татулықты, бірлікті, сыйластықты берік ұстану. Қазақстанда толеранттылық – үлкен құндылыққа айналды. Ал толеранттылық дегеніміз – төзімділік, сабырлық, шыдамдылық және имандылыққа негізделген ізгілік жолы. Мұны тәуелсіздікке ие болған отыз жылдан астам уақыттағы жеткен…

    Жалғасын оқу
  • Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?

    Ұлттық кітап күні қарсаңында еліміздегі балалардың қанша пайызы күнделікті кітап оқиды деген ақпаратты интернеттен іздеп едім, мардымды ештеңе таппадым. 2024 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстандағы 249 балалар кітапханасына зерттеу жүргізіпті. Сөйтіп, жыл соңында еліміздегі жас оқырмандардың саны 1733 686 адам деген қорытынды шығарыпты. Ал, еліміздегі балалардың саны 7 млн-ға (2024 жылғы 1 қаңтардағы статистика бойынша 6 841 527 бала бар) жуықтайтынын ескерсек,…

    Жалғасын оқу
Back to top button