Cайлауалды бағдарлама қалай орындалуда?

0 31

Nur Otan партиясының Төрағасы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-­министр Асқар Маминді қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш ­Президентіне партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндалды.
Сондай-ақ Елбасыға жаһандық пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтау үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.
– Үкімет алдында экономиканың 3 пайыздан артық өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бүгінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы негізгі драйверлер болып саналады. Қызмет көрсету секторы қалпына келе бастады, – деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар кездесу барысында ұлттық экономикаға инвестиция тарту жұмысының маңызы атап өтілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =